«Жұлдыз - ай» Тамды бөбекжай - балабақшасында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста балабақша меңгерушісі А. К. Ажигулова ата- аналарды Ішкі тәріп ережесімен, 10 күндік ас мәзірімен таныстырып өтті.«Балабақшадағы оқу үрдісін ұйымдастыру» жөнінде әдіскер А.О.Едигина сөз сөйледі. Медбике К.С.Айтпагамбетова ата - аналарға кеңес беріп, сақтану жолдарын айтып өтті. Психолог А.Р.Аскарова ата- аналармен сауалнама жүргізді. Ата- аналар балабақшаға деген пікірлерін білдірді.