Алға қаласынан 9 шақырым қашықтықта орналасқан «Жұлдыз- ай» Тамды бөбекжай-  балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынныңғимараты  1992 жылы, 2 қабатты ауыл әкімшілігі ретінде салынған. 

«Жұлдыз- ай»Тамды бөбекжай- балабақшасы мемлекеттік бағдарламасы аясында 2008 жылы күрделі жөндеуден өткізіліп, қолданысқа берілді. Балабақша ғимараты бейімделген. Балабақша ауласында екі топқа арналған жабдықталған ойын алаңдары бар. Қазіргі таңда ғимараттың жобалық қуатына сәйкес, балабақшада 50 бала тәрбиеленуде. Балабақша ауласына кіргеннен бастап ерекше бір тазалықты, ұқыптылықты, шеберлікті көруге болады. Егеменді еліміздің ертеңі бүлдіршіндер тәрбиесі тал бесіктен кейін балабақшада жалғасатынынбасты назарға қойылған. Жас ерекшеліктері әр түрлі 2 топ жұмыс жасайды: кіші «Балбөбек» тобы, ересек«Болашақ» тобы. Топтардың оқу-тәрбие үдерісі мемлекеттік тілде жүргізіледі.  Балабақшада жалпы қызметкерлер саны 20. Оның ішінде:7 педагог, 13 техникалық қызметкер.

Балабақшаның жылыту жүйесі жеке қазандық балабақшадан бөлек  орналасқан . Барлық топ бөлмелері және ас блогы ыссы сумен толық қамтылған.Ыстық және салқын су барлық ванналарға, себезгі бөлмелеріне, тұратын орын жайларға, медициналық үй-жайлардағы қолжуғыштарға жүргізілген.

2021-2022 оқу жылының дайындығы туралы 08.07.2021 жылы акт жасалды. Санитарлық нормаға сәйкестік актісі бар. «Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаменті Алға ауданының төтенше жағдайлар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тексерген қорытынды актілері жинақталған. Балабақшаның ішкі және сыртқы жағдайлары  мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялықталаптарына сай. Стандарт жүйесіне байланысты еңбек қәуіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жүргізілген. Атап айтатын болса, күнтізбелік жылдың 6 ай сайын мекеме қызметкерлерімен еңбек қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі нұсқаулықтарын сақтау туралы кеңес өткізіп, тәрбиеші мен тәрбиеші көмекшілеріне балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау нұсқаулықтары өтікізіліп, журналдарға танысқандығы туралы белгі қойылған. Балалар мен балабақша қызметкерлерінің жарақаттануы тіркелмеген.