«Жұлдыз-ай» Тамды бөбекжай-балабақшасында 14 Наурыз - Көрісу күні аталып өтті. Бұл күні халық бір-бірімен көрісіп, амандасып, ақ тілектерін арнайды. Көрісу – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін, ренішті ұмыттырып,адамдарды жақындастыратын дәстүр.Ынтымағымыз жарасып, ырысымыз арта берсін! Халқымыз аман, еліміз тыныш, дастарқанымыз берекелі болсын! Әрбір күніміз шаттық пен қуанышқа толы болсын






