Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде су тасқынынан орын алған ауыр жағдайға байланысты үндеуін жариялады. Еліміздің 10 өңіріндегі орын алып отырған төтенше жағдай - бәріміз үшін сын сағат. «Осындай қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды. Бір ел, бір халық болып жұмылып, бұл апатты еңсереміз. Бұл біздің қолымыздан келеді»- деп бәрімізге зор сенімін білдіргені әрқайсымыздың жүрегімізге жол тапты деп ойлаймыз. Қазір Үкімет, мемлекет су басудың салдарын жоюға бар күшін салуда. Президент зардап шеккен бірде-бір азаматтың назардан тыс қалмайтынын қадап айтты. Осы сын сәтте ұздардарымыз ел бірлігінің ұйытқысы болғаны абзаь. «Біз сіздермен біргеміз!» деген қолдауын, үнін білдіру арқылы моральдық тұрғыдан сүйеу болуға шақырамыз. Адамзат баласының артықшылығы да осы - біртұтас жұдырықтай жұмылған күшке біріккен мейірімінде! «Болған іске болаттай берік», ерік-жігері мықты, бірлік пен ынтымағы, мейірім мен парасаты жоғары ел ретінде осындай қиын сәттерде жұмыла білейік!