Ата-аналар НАЗАРЫНА!
Балалардың отпен ойнауы. Көптеген балалар, әсiресе, ер балалар белгiлi бiр уақытта сiрiңке немесе тұтандырғышпен ойнауға әуес болады. Дәрiгерлердiң айтуынша, балалардың отпен ойнауға құмартуы — қалыпты жағдай, бiрақ бала жарақат алып қалмауы, мұндай әуестiктен күйiкке шалдықпауы үшiн қауiпсiздiк шараларын сақтау қажет. Балалар түрлi себептер бойынша өрт шығаруы мүмкiн. Балалардың отпен ойнауға құмартып әуес болуы дүние тани бастаған бала үшiн қалыпты жағдай болып саналады. Кейбiр балалар өздерiне назар аударту үшiн өрт шығаруы мүмкiн. Кейде бала өзге баланың әсерiнен өрт шығаруы мүмкiн. Кейбiр балалар қауiптi ойындарға, оның iшiнде өртеуге құмар келедi. Балалар көбiнесе кiшкентай ғана жалынның қауiптi өртке ұласуы мүмкiн екенiн түсiнбейдi.
Бала отпен ойнауға құмартпауы үшiн не iстеу қажет:
- Сiрiңке мен тұтандырғышты балалардың қол жетпейтiн жерде сақтаңыз. Егер қажет болса, балалар оларды биiктеу жерге қойсаңыз да алуы мүмкiн.
- Балаларға жалын деген ойыншық емес, ол тамақ пiсiрiп, жылу беретiн құрал екенiн, мұны тек үлкен адамдар ғана пайдаланатыны екенi туралы үйретiңiздер.
- Балаларыңыздан сiрiңке мен тұтандырғышты әперiп жiберуiн сұрамаңыз. Балалар үлкендерге қарап, олардың iсiн қайталайтынын ұмытпаңыз.
- Кiшкентай балаларыңызды олардың тауып алған сiрiңкелерi мен тұтандырғыштарын сiздерге қайтарып беруiне үйретiңiз әрi мұндай жауаптылық көрсеткiн үшiн оларды мақтап қою қажет.
- Отпен ойнау салдарынан болған оқиғаларды назардан тыс қалдырмаңыз, атап айтқанда күйген киiм, қалталарында жүрген сiрiңкелер мен тұтандырғыштар.
- Балаларды үнемi қадағалау қажет, оларды тiптi аз уақытқа да жалғыз қалдырмауға тырысыңыз.
- Балаларды өрт шыққан кезде үйден қалай эвакуациялау жоспарын дайындауға тартып, олармен бiрге осы жоспарға сәйкес iс-қимыл жасауға жаттығыңыз.
Балалардың отпен ойнауынан сақтандыру шаралары:
- Естияр балаларға сiрiңкенi қалай пайдалануды үйретiп, оларға өрт қауiпсiздiгi шараларын үйретiңiз.
- Отты тек ересектер болғанда ғана тұтатуға болатынын ескертiңiз.
- Кiшкентай балалар сiрiңкемен өздерiнiң жатын бөлмесiнде ойнауы мүмкiн екенiн естен шығармаңыз.
- Ұйқы кезiнде сiз түтiн иiсiн сезбейсiз, өйткенi түтiн әсерiнен қатты ұйықтайды.