24.08.2023жыл. Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйтен бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады. Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін қабылданады.
Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.
Биыл іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
* Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
* Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
* Сыртқы саясат және инвестициялар;
* Экономикалық және қаржылық саясат;
* Цифрландыру;
* Әлеуметтік саясат және азаматтық коғам.
Reposted from @elgeqyzmet.aqtobe






